Алматыда «Оқуға құштар ұлттың қайта жаңғыруы» атты VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Алматыда «Оқуға құштар ұлттың қайта жаңғыруы» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдауымен, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ТҮРІКСОЙ Жазушылар одағы және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бірлесіп ұйымдастырды.
Конференция мақсаты – әлемдік мәдениеттердің диалогы мен жақындасуы арқылы ұлттық әдебиеттің даму факторын зерттеу, бұл процестің ХХІ ғасырдағы оқырманның жандануына әсерін және әлемде осы процесті бөгейтін факторларға қарсы тұру.
Конференцияға оқырманның азайып кетуіне алаңдайтын отандық және шетел жазушылары мен ғалымдары қатысты.
Басты назарда ХХ ғасырда әлеуметтік субъектіге айналған «ұлы оқырман» құбылысы болды. Секцияларда қатысушылар Олжас Сүлейменовтің мұрасы, тарихи әдебиеттің ұлттық сана-сезімге әсері және XXI ғасырдағы кітап мәдениетін жаңғырту мәселелерін қозғады.
Іс-шара әлемдік әдеби дәстүрді дамытып, халықты кітап оқуға қайта баулу үшін мәдениеттерді жақындастыру және ғылыми диалог орнатудың маңызын айшықтады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі