https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ankara/press/news/details/430697?lang=kk
Анкарада «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» анимациялық қазақ мультфильмінің тұсаукесері өтті
2022 жылғы 22 қыркүйекте Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы мен Қазақстанда «Балалар жылы» шеңберінде Токиода өткен Халықаралық фестивальде «Үздік анимация» номинациясы бойынша алтын медаль жеңіп алған «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» анимациялық қазақ мультфильмінің тұсаукесері өтті. Аталған мультфильмнің режиссері-аниматор Маржан Жұбанышева мен суретші және мультфильмді қоюшысы-сценарист Үміт Жұбанышева.
Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі мен Түркия Республикасының Түркі тарихы және мәдениеті қорының (TÜRKTAV) ұйымдастыруымен өткен шараға көптеген көрермендер жиналды, олардың арасында зиялы қауым өкілдері, Қазақстан азаматтары отбасымен, Анкараның тұрғындары және балалар қатысты.
Аталған іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев «Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін» анимациялық қазақ мультфильмінің авторлары Үміт Жұбанышева мен Маржан Жұбанышеваға алғысын білдірді. Биылғы Балалар жылы аясында мұндай қазақ мультфильмінің бауырлас түрік мемлекетінде қойылуының маңыздылығына көңіл аудара отырып, қазақ мультфильмінің өрісінің кеңеюі мен дамуы Қазақстанның болашағы балалар үшін рухани дүние болып есептелінетінін атап өтті.
Қазақ мультфильмінің авторы Үміт Жұбанышева өзінің сөзінде көрермендерге ұсынылатын 30 минуттық мультфильм 4,5 жылдық жігерлі жұмыстың жемісі екенін және мультфильмдегі оқиға өмірден алынып, көрсетіліп отырғанын баяндады.
TÜRKTAV қорының төрағасы Омер Низаметтин Айкурт өзінің сөзінде аталған іс-шараның басты мақсаты – Түркияда алғаш рет көрсетіліп отырған қазақ мультфильмін түрік балаларына таныту арқылы бауырлас Қазақстанның тілі мен мәдениетінен хабардар ету екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол қазақ мультфильмі қазақ мәдениетіндегі көптеген салт-дәстүрлерден сыр шертеді деді.
Алғаш рет Туркияда көрсетіліп отырған жас қазақ режиссерінің мультфильмі көрермендердің көңілінен шығып, үлкен сүйіспеншілікпен қабылданды.