DSC_2025

ҚазҰУ-да Қоңыр Мандоки мұрасы сараланды

https://farabi.university/news/85289?lang=kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым, түркі әлеміне ортақ тұлға, мажарстандық түркітанушы, қайраткер Иштуан Қоңыр Мандокидың туғанына 80 жыл толуына орай, халықаралық ғылыми конференция өтті.

«Түркітанудағы Шығыс пен Батыстың алтын көпірі – Қоңыр Мандоки!» атты конференцияны ҚазҰУ мен ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы бірлесіп өткізді.

Конференцияның мақсаты – әйгілі ғалымның өмір жолы мен рухани мұрасын зерттеу, ғылыми еңбектерін насихаттау, Иштуан Қоңыр Мандокидің шығармаларын жаңа сипатта қарастырып, ғылыми жұмыс жүргізу, сондай-ақ түркологиядағы түйткілді мәселелерді талқылау.

Тағылымды шараға онлайн және офлайн форматта ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Халықаралық түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдрашов, ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары Салтанат Әшімова, Мажарстанның Қазақстандағы бас консулы м.а. Имре Питер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, тарихшы Марат Сембі, шетелдік ғалымдар, атап айтқанда: Мөвсүмлі Джавид, Әсел Лахаева, Дэвид Сомфаи және түркітанушылар қатысты.